Қазақ күресінен ҚР чемпионаты және халықаралық турнир мәреге жетті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 16-17 қазан күндері Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында X Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен еліміздегі барлық облыс орталықтарынан жалпы саны 16 команда 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Жарыстың қорытындысы бойынша 55 келі салмақта І орын - Жандос Ғизат (ШҚО), ІІ орын - Абылайхан Кеулімжай (Жамбыл обл.), ІІІ орындар - Әлішер Мұханбетжанов (Қостанай обл.) және Дәулет Ниетбай (Алматы қ.); 60 келі салмақта І орын - Нұрболат Ізімғалиев (Атырау обл.), ІІ орын - Олжасбек Ілесбеков (Алматы қ.), ІІІ орындар - Нұрлыбек Алдабергенов (Қызылорда обл.), Медет Калиев (Қостанай обл.); 66 келіде І орын - Әбілқайыр Мауленин (Алматы обл.), ІІ орын - Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда обл.), ІІІ орындар - Ерасыл Сәкенұлы (Алматы қ.), Мейіржан Тұрарбеков (Алматы обл.); 74 келі салмақта І орын - Еркінбек Бөлен (ОҚО), ІІ орын - Ғалымжан Әбдірахманов (Қызылорда обл.), ІІІ орындар - Мерей Советқазин (ШҚО), Данияр Темірханов (Астана қ.); 82 келі салмақта ­­­­­- І орын - Дәулет Пахриденов (Жамбыл обл.), ІІ орын - Ғалымжан Өтешов (ОҚО), ІІІ орындар - Әсет Жүнісов (Ақмола обл.), Нұрсұлтан Сәлімжанов (Қостанай обл.); 90 келі салмақта І орын - Шыңғысхан Жақып (Жамбыл обл.), ІІ орын - Елдар Мұқан (Алматы обл.) ІІІ орындар - Көбеген Айдосұлы (Ақтөбе обл.) және Абылайхан Қасымхан (Қостанай обл.); 100 келі салмақта І орын - Мақсат Исақабылов (Қызылорда обл.), ІІ орын - Айбек Серікбаев (Қызылорда обл.) ІІІ орындар - Самат Есен (ОҚО) және Абай Ерболұлы (Жамбыл обл.); +100 келі салмақта І орын - Айбек Калибеков (ШҚО), ІІ орын - Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда обл.) ІІІ орындар - Арман Сәрсенбеков (Қызылорда обл.) және Исланбек Ілиясқажыға (Алматы қ.) бұйырды.

Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен түйе палуандар сайысында ақмолалық Бекбол Нұрланұлы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды қызылордалық Нұрым Сәлімгереев алса, жамбылдық Жамбыл Тұрғанәлиев үшінші орынды еншіледі.

Сондай-ақ, 18 қазан күні қазақ күресінен түйе палуандар арасында халықаралық турнир болып өтті. Оған Беларусь, Ресей, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 35 палуан қатысты.

Нәтижесінде Грузия палуаны Левани Матиашвили бас жүлдені иеленіп, оған Нексиа жеңіл автокөлігінің кілті табысталды. Екінші орынға ие болған қарағандылық Ержан Шынкеевке Нива жеңіл автокөлігінің кілті берілсе, қола жүлдегер атанған Моңғолия палуаны Даваньям Алтангерелге 700 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша Евгений Бедулин (Беларусь) және «Үздік әдіс көрсеткені үшін» Грузия палуаны Александр Заалишвили марапатталды.

Соңғы жаңалықтар