Қазақ күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Түркістан төріндегі Olympic Center спорт кешенінде ересектер арасында төл спортымыз — қазақ күресінен өтіп жатқан Азия біріншілігі өз мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күні ерлер төрт салмақта, әйелдер төрт салмақта өзара мықтыны анықтады. Атап айтсақ, бүгін ерлер арасында 60 келі салмақта Нұртілек Қаракесеков қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 74 келіде ел намысын қорғаған Тілек Тоқтасынұлы да қарсылатасрын оңай жеңіп, сарықұрлық чемпионы атанды. Өкінішке қарай, 90 келі салмақта сынға түскен балуанымыз Айдар Бескемпір ғана жартылай финалда қарсыласына жол беріп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Қайсар Шамшидинов финалға дейін сүрінбей жетті. Ол шешуші сәтте тәжікстандық қарсыласын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды.

Ал әйелдер құрамасынан бүгін сынға түскен балуандарымыз арасында тек бір ғана отандасымыздың мерейі үстеп болып, сарықұрлық додасының чемпионы атанды.

Нақтырақ айтсақ, +77 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Арайлым Шегенова бас жүлдені еншілесе, 52 келіде Сағат Байғараева финалдық бәсекеде Өзбекстаннан келген қарсыласына жол беріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. 60 келіде Назерке Асанхан жарысты қола медальмен аяқтады. Ал 70 келіде Ақбота Қыдырәлі финалда тағы бір өзбек қызынан ұтылып, күміс жүлдемен шектелді.

Осылайша, қазақ күресінен Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандық балуандар 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Азия біріншілігінің алғашқы күні Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 10 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен жалпы командалық есепте көш бастады. Екінші орынды Өзбекстан құрамасы еншілесе, үшінші орынға Қырғызстан құрамасы ие болды.

Екінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлері:
Ерлер:
60 kg
І орын – Nurtilek KARAKESSEKOV KAZ
ІІ орын – Tugol KANATBEK KGZ
ІІІ орын – Ramziddin AZIZOV TJK
74 kg
І орын – Tilek TOKTASSYNULY KAZ
ІІ орын – Pouria Asadollah SHOKRI IRI
ІІІ орын – Navruz KARIMZOD TJK
ІІІ орын – Elbek TOJIEV UZB
90 kg
І орын – Khaknazar NAZAROV TJK
ІІ орын – Seyedmohammadreza SAEEDIMADANI IRI
ІІІ орын – Dostonbek KHOLMAKHMADOV UZB
ІІІ орын – Aidar BESKEMPIR KAZ
+100 kg
І орын – Kaisar SHAMSHIDINOV KAZ
ІІ орын – Dadakhon KURBONALIEV TJK
ІІІ орын – Hamidreza Mohammadreza MALEKZADEH IRI
Әйелдер:
52 kg
І орын – Sitora ELMURODOVA UZB
ІІ орын – Sagat BAIGARAYEVA KAZ
ІІІ орын – Anjali ANJALIIND
60 kg
І орын – Begai BEISHENAALY KGZ
ІІ орын – Khurshida TUKHLIEVA UZB
ІІІ орын – Nazerke ASSANKHAN KAZ
70 kg
І орын – Sevinch TURAKULOVA UZB
ІІ орын – Akbota KYDYALI KAZ
ІІІ орын – Meena MEENA IND
+77 kg
І орын – Arailym SHEGENOVA KAZ
ІІ орын – Pokizakhon KAMOLDINOVA UZB
ІІІ орын – Eesha Bharat PATIL IND