Қазақ-түрікмен үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтті
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) Қазақ-түрікмен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Келіссөздерде қазақстандық lелегацияны мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, түрікмен тарабын - Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Баймырат Ходжамұхамедов басқарды.
Отырыс барысында тараптар экономиканың, сауданың және мәдениеттің әртүрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.