09:40, 07 Желтоқсан 2016 | GMT +5
«Қазақалтынның» бұрынғы қызметкері заңсыз түрде жарылғыш зат саудалаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот бұрынғы шахта қызметкерін жарылғыш заттарды саужалаумен айналысқаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Осылайша, «Қазақалтын» АҚ-ның шахтасында жарылыстарды ұйымдастыру қызметін атқарып келген ер азамат белгісіз біреуге «Аммонит» жарылғыш заты мен оның 5 патронын сатқан.
Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 287 бабы, 3 бөлімі бойынша (жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз түрде саудалау) кінәлі деп табылды. Осыған байланысты оған пробациялық бақылау қойылып, 2 жылға дейін тек тұрғылықты жерінен тек пробациялық орган өкілдерінің қадағалауымен ғана шығу жөнінде шектеу қойылды. Сонымен қатар заң бұзушы 120 сағат мәжбүрлі түрде еңбек ететін болады.