«Қазақфильм» Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдерді онлайн көрсете бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдерді көрсетілімге шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Соғыстың алғашқы жылдары Ресейдің еуропалық бөлігіндегі кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. 1941 жылы «Мосфильм» мен «Ленфильм» кеңестік Алматыға қоныс аударды. Оларды Алматы киностудиясымен біріктіру нәтижесінде Орталық Біріккен Киностудиясы (ЦОКС) құрылып, 1944 жылға дейін КСРО-ның барлық көркем фильмдерінің 80% түсірілді.

«Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Қазақфильм» киностудиясы өзінің youtube-арнасына әр жылдары түсірілген Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер топтамасын ашық көрсетілімге шығарды. Топтаманың ішінде Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Ораз Әбішев, Нұрмұхан Жантөрин және т.б классиктердің шедеврлері жиналған 20 фильм бар. Біз көрермендерді Жеңіс күнін жақындатқан батырлардың ерліктерін тағы бір рет еске түсіруге шақырамыз.» - дейді «Қазақфильмнің» президенті Арман Әсенов.

Бүгіннен бастап Youtube-тегі «Қазақфильмнің» ресми арнасынан төмендегі фильмдерді көруге болады:

1. «Во имя Родины» көркем фильмі (Орталық Біріккен Киностудиясы, реж: Дмитрий Васильев, Всеволод Пудовкин, 1943 ж.);

2. «Жди меня» көркем фильмі (Орталық Біріккен Киностудиясы, реж: Александр Столпер, Борис Иванов, 1943 ж.);

3. «Ана туралы аңыз» көркем фильмі (реж: Александр Карпов, 1963 ж.);

4. «Ел баына күн туса» көркем фильмі (реж: Мәжит Бегалин, 1967 ж.);

5. «Мәншүк» көркем фильмі (реж: Мажит Бегалин, 1969 ж.);

6. «Орман балладасы» (реж: Нұрмұхан Жантөрин, Цой Гук Ин, 1972 ж.);

7. «Тел өскен ұл» (реж: Шәріп Бейсембаев, 1977 ж.);

8. «Соғыстың соңғы жылы еді» көркем фильмі (реж: Амангелді Тәжібаев, 1983 ж.);

9. «Балалықтың кермек дәмі» көркем фильмі (реж: Абдолла Қарсақбаев, 1983 ж.);

10. Х/ф «Әлия» көркем фильмі (реж: Болот Шамшиев, 1985 ж.);

11. Х/ф «Менің әпкем Люся» көркем фильмі (реж: Ермек Шынарбаев, 1985 ж.);

12. Х/ф «Пантераның секірісі» көркем фильмі (реж: Лейла Аранышева, 1986 ж.);

13. Х/ф «Тұздыкөл жағасындағы үй» көркем фильмі (реж: Асанәлі Әшімов, Игорь Вовнянко, 2004 ж.);

14. «Әлия» деректі фильмі (реж: Ю.Пискунов, 1970 ж.);

15. «Талғат Бигелдинов» деректі фильмі (реж: Ораз Әбішев, 1979 ж.);

16. «Жеңіс солдаты» деректі фильмі (реж: А.Әлпиев, 1980 ж.);

17. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» деректі фильмі (реж: А.Нұғыманов, 1985 ж.);

18. «Асыға күткен Жеңіс» деректі фильмі (реж: А.Нұғыманов, 1985 ж.);

19. «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмі (реж: Қ.Омаров, 2010 ж.);

20. «Батыр Бигелдинов» деректі фильмі (реж: Алмас Әбдіков, 2011 ж.).

Топтама «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» плейлистіне ресімделген.

Сонымен қатар Орталық мемлекеттік архив әскери тақырыпқа түсірілген үздік деректі фильмдердің топтамасын ұсынды.

Бұл фильмдерді www.kfdz.kz/Film_Online сайтынан көруге болады. Бұл жерден «Момышұлы», «Тебе, фронт!», «Ең қымбат», «Әлия», «Мәншүк», «Жеңістің жұлдызды сәті», ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов туралы «Парыз, мәртебе, ерлік» фильмдерін тамашалай аласыздар.


Соңғы жаңалықтар