Қазақмыс Қырғызстандағы алтын және мыс кен орнын игеруді бастады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақмыс Тобы («Қазақмыс ПЛС») Қырғызстандағы Бозымчак алтын және мыс кен орнын игерудің белсенді кезеңі басталғанын мәлімдеп отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақмыс компаниясы бұған дейін «Бозымшақ» кен орнын пайдалануға дайындық жасау үшін ішінара қолданылатын қаржыландыру пакетін ұсынуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Қытай даму банкімен келісім жасасқан болатын. Жобаны қаржыландыру 100 миллион АҚШ доллары көлемінде болмақ. Ала-Бука ауданында орналасқан Бозымчак кен орны қазіргі уақытта Қырғызстандағы ең ауқымды кен-рудалық жоба болып отыр. Онда 2014 жылдан бастап кен шахталық әдіспен өндірілмек. Кен орнын игерудің 17 жылдық пайдалануы кезінде өндірілетін руданың жалпы ауқымы 16 миллион тоннаны құрайды. Биыл 4-ші тоқсанда кеніштің аумағында орналасатын кен байыту фабрикасының құрылысы аяқталады. Жоспар бойынша 2011 жылдың соңында кен байыту фабрикасы жылына 33 мың тонна концентрат өндіретін өндірістік қуатына көшетін болады. Концентрат түріндегі жоспарлы жылдық өндірістің көлемі 7 мың тонна мыс пен 30 мың троя унциясы шамасындағы алтынды құрайды.

Қазақмыстың инвестицияларында Бозымшақ кен орнының өндірістік-шаруашылық инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын шығындар да қамтылған. Қазір өндірістік ғимараттар мен қосалқы нысандар, қоймалар, коммуникациялар мен тарату желілері, жолдар, сондай-ақ қызметкерлер үшін вахталық кент құрылысы жүргізілуде. Онда қырғызстандық және қазақстандық 500 азамат жұмыс орындарымен қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар