ҚазАқпарат: Бейжіңде Жеңіс шеруі (ФОТОРЕПОРТАЖ. 2-бөлім)

Шара басталғанға дейін қытай басшысы шетел мемлекеттерінің көшбасшыларымен кездесті. Астана уақыты бойынша сағат 7.20-да ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өзінің жұбайы Пэн Лиюаньмен бірге Тяньаньмэнь бас мінберінің ішкі жағынан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды.
Мемлекет басшыларының амандасып, суретке түскен сәті Тяньаньмэнь алаңының барлық экранынан көрсетілді.
Салтанатты шеруге ҚХР басшылығының шақыруымен Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко ұлы Николаймен, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе мен басқа да мемлекеттер басшылары қатысты.
7.30-да Қытай халық-азаттық әскерінің оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Шеру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де басталды. Оны ҚХР Әскери кеңесінің төрағасы және ел президенті Си Цзиньпин қабылдады. Ол қытайлық «Хунци» көлігімен шеру есептерін аралап шықты және әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады.
Жеңіс туы әкелініп, Тяньаньмэньнің үстімен 70 санының символдық белгісін көрсеткен эскадрильяның ұшуынан кейін алаңда Қытай қарулы күштерінің 50-ге жуық эшелоны: 12 мың әскери қызметкер, 40 түрлі 500 техника бірлігі сап түзеп өтті, әуеге 20 түрлі 200-ге жуық ұшақ көтерілді.
Шараға барлығы 15 қытайлық және 17 шетелдік әскерилер қатысады, олар Беларусь, Куба, Египет, Қазақстан, Қырғызстан, Мексика, Моңғолия, Пәкістан, Сербия, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Камбоджа, Фиджа, Лаос, Вануату, Венесуэла елдерінен.
Парадқа барлығы он екі мыңға жуық әскери қызметкер, соның ішінде ашық автобустармен - Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.
Қазақстанның атынан ҚР Қорғаныс министрлігінің құрметті қарауылының Ротасы шықты. Одан кейін алаңмен «Дунфэн» («Шығыс желі») құрлықаралық баллистикалық зымырандарын қоса алғанда әскери техниканың көптеген үлгілері өтті. Financial Times-тің бұған дейін жазғанындай, дыбысқа қарағанда он есе ұшқыр және тосқауылшылар үшін қол жеткізілмейтін «Дунфэн-21D» зымыранын «әуетасығыштардың өлтірушісі» деп атап үлгерген. Парад екі мәнді көрініспен аяқталды: әуеге әуелі көп құс жіберіліп, одан кейін Тяньаньмэнь алаңының үстімен мыңдаған түрлі-түсті шарлар ұшты. Парад қатысушыларының көтеріңкі көңіл күйін бұл күні болған 35 градус аптап ыстық та бұза алмады.
Бүгін кешке Бейжіңде Жеңістің 70 жылдығына арналған гала-концерт өтеді.