«ҚазАқпарат» Қазақстандағы ең маңызды ақпарат агенттігі болып саналады - Гонконгтың «Wen Wei Po» газеті
Құрметті «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Дәурен Дияров мырза!
«ҚазАқпараттың» 95 жылдығына орай мен Гонконгтың «Wen Wei Po» газеті атынан және жеке өз басымның атынан сізге және бүкіл «ҚазАқпарат» ұжымына шынайы құттықтау лебізімді білдіремін, сіздерге мол шығармашылық табыс тілеймін!
1920 жылы құрылған «ҚазАқпарат» Қазақстандағы ең маңызды ақпарат агенттігі болып саналады. 95 жылдан бері саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келеді. 2014 жылдың наурыз айында «ҚазАқпарат» Орта Азия БАҚ-тары арасында тұңғыш болып қытай тіліндегі сайт нұсқасын ашты, бұл ҚХР халқына ғана емес, бүкіл әлемдегі қытай тілді оқырмандар үшін Қазақстанды танып-білуге үлкен мүмкіндік болды. Бұл Қытай мен Қазақ елі арасындағы достастығын одан әрі дамыта түсуге септігін тигізді.
2014 жылы тамыз айында екіжақты белсенді жұмыстың нәтижесінде «Wen Wei Po» газеті мен «ҚазАқпарат» арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, Жібек жолы бойындағы БАҚ арасындағы ықпалдастықты жандандыра түстік. Бір жылдан бері біз бірлесе табысты да табанды жұмыс жасай келе, берік достық қатынасты қалыптастырдық. Қытай елінің «Бір белдеу бір жол» стратегиясының тереңдей түсуіне байланысты, екі мемлекет арасындағы және екі елдің БАҚ арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетініне кәміл сенемін. Осы орайда, біз сіздермен қарым-қатынасымызды жоғары деңгейге жеткізіп, ынтымақтастығымызды одан әрі дамыта түсуге, екі ел халқының өзара түсіністігін нығайта түсуге ниеттіміз.
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің биік белестерді бағындыра беруіне шын жүректен тілектеспін!
Гонконг «Wen Wei Po» газетінң бас директоры Ван Шу Шень