«ҚазАқпарат» пен «Хабар» OANA-да қазақстандық БАҚ-тардың мүдделерін білдіреді
МӘСКЕУ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мәскеуде Азия және Тынық мұхит елдері ақпараттық агенттіктері ұйымының 15-ші бас ассамблеясы (Organisation of Asian-pacific News Agencies - OANA).жұмысын бастады.
Ұйымның мүше-елдері ақпараттық агенттіктерінің басшылары жаһандану дәуіріндегі БАҚ рөлін, трансмедиалық коммуникациялардың даму келешегін, сондай-ақ қазіргі ақпараттық нарықтың өзекті трендтерін талқылайды.
Ресей Президенті Владимир Путин OANA XV бас ассамблеясының қатысушылары мен қонақтарына құттықтау жолдады, онда Мәскеудегі кездесу барлық қатысушылар үшін пайдалы болады, перспективалық идеяларға, қызықты жобаларға және бастамаларға жол ашады деп сенім білдірілген.
OANA 1961 жылы желтоқсанда ЮНЕСКО бастамасымен Бангкокте шақырылған азиялық ұлттық агенттіктердің конференциясында құрылған. Бүгінде OANA 34 елден 44 агенттікті біріктіреді. Ұйымда қазақстандық БАҚ-тардың мүддесін «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі мен «Хабар» агенттігі» телеарнасы білдіреді.
Жарғыға сәйкес OANA-ның басты міндеті - аймақ елдері арасында ақпарат алмасуды кеңейту, сондай-ақ дамыған және дамушы елдер арасындағы ақпараттық ағында теңгерімсіздікті жою. OANA-ның жоғарғы органы - үш жылда бір рет шақырылатын бас ассамблея.