17:04, 07 Қазан 2013 | GMT +5
ҚазАқпарат «ТМД-ға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Кишиневте өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшылары кеңесінің XVII отырысында «ҚазАқпарат» «ТМД-ға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Аталған медаль агенттіктің директоры Дәурен Дияровқа табыс етілді.

Награда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ықпалдастығын дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр. Отырыс жұмысына Әзербайжан Республикасынан «АЗЕРТАДЖ», Армения Республикасынан «АРМЕНПРЕСС АА», Беларусь Республикасынан - «БелТА», Қазақстан Республикасынан - «ҚазАқпарат», Қырғыз Республикасынан - «Кабар», Молдова Республикасынан - «Молдпрес», Ресей Федерациясынан - «ИТАР-ТАСС», Тәжікстан Республикасынан - «ХОВАР» және Украинадан «УКРИНФОРМ» ақпарат агенттіктерінің басшылары қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшылары кеңесінің келесі XVIIІ отырысы Қазақстанда өтеді.