Қазақ күресі
«ҚазАқпарат» ХАА «Тарихи фото» айдарын ұсынады. Бүгін редакция қазақша күрес туралы әңгімелейді.

Қазақ күресі — Қазақстан Республикасының ұлттық күрес түрі. Бұл – қазақтың көнеден келе жатқан спорттық ойындарының бірі, бүгінде кеңінен танымал. Қалалар мен ауылдардағы бірде-бір мереке қазақтың ұлттық күресінсіз өтпейді десе де болады.
Бұған дейін қазақша күресте жас пен салмаққа шектеу болмаған. Қазір бұл спорт түрінде күрестің біркелкі формасы мен техникасына қатысты белгілі бір ережелер белгіленді. Қазақша күрес балуандарының формасы самбошылардың формасына ұқсайды. Қазақ күресі күртешесінің самбодан айырмашылығы – қысқа жеңді және иығында (ұстауға арналған) шағын жолақтары бар және неғұрлым берік материалдан тігіледі.
Бел және белден жоғары кез келген жерден ұстауға рұқсат етіледі. Жекпе-жек мақсаты – қарсыласты арқасымен құлату.