Қазақстан 10 мемлекеттің басын қосып таэквондо лигасын құрады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында мемлекеттің басын қосатын Алтай лигасы құрылатынын мәлім етті.

Құдірет Шәмиев
Фото: Дияр Бексұлтанов

- Әрине, нақты жобалар бар. Сол нақты жобалардың бірі – Алтай лигасын құру. Ол лигаға Алтай аймағында жатқан мемлекет кіреді деп отырмыз. Ол лиганың турнирлерін рейтингті ету арқылы спортшыларымыздың олимпиадаға баратын мүмкіндігін арттыру, ішкі турнирлердің санын арттыру, деңгейі жоғары спорт шараларын ұйымдастыру көзделіп отыр, - деді Құдірет Шәмиев «Уәде» бағдарламасында.

Сондай-ақ, ол Қазақстан бір ай бұрын бір Қырғызстандағы GCS ұйымына мүше болғанын еске салды.

- Ол Дүниежүзілік таэквондо федерациясының қосымша алып жүрген үлкен бір шаруасы. Дамушы елдерге қолдау көрсетіп, босқындарға арналған шаралар өткізеді бұл ұйым, - дейді федерация басшысы.

Бұған дейін 24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында өтетін әлем біріншілігіне Қазақстан атынан қай таэквондошылар қатысатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар