Қазақстан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына кімдер шақыру алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасының Шымкентте өтетін оқу-жаттығу жиынына шақыру алған ойыншылар тізімі жарияланды.

Қазақстан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына кімдер шақыру алды
Фото: ҚФФ

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан жастар құрамасы үш бақылау матчын өткізеді.
Дайындық барасында 8 қазан күні Кирилл Кекердің командасы Бірінші лига өкілі «Тараз» кездессе, 10 қазанда «Оңтүстік Академиясымен» ойнайды. Ал соңғы матч 12 қазанда Премьер-лигада бақ сынайтын «Ордабасыға» қарсы өтеді.

Жиынға бас бапкер Кирилл Кекер 25 футболшыны шақырды.

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза («Қайрат»); Диас Реймов («Қайрат»); Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Данияр Ташполатов («Қайрат»), Әмірбек Базарбаев («Қайрат»), Раыммбек Кеңесбеков («Қайрат»), Әкежан Каликулов («Қайрат»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Иван Пивоваров («Тобыл»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»);

Жартылай қорғаушылар: Әли Ақылбаев («Шахтёр»), Евгений Петрик («Қайрат»), Мұхамедәли Әбіш («Қайрат»), Алиден Мұсаипов («Қайрат»), Кәрім Махаметжан («Қайрат»), Асан Байғалиев («Елімай»), Даниял Назаров («Астана»);

Шабуылшылар: Мансұр Биркурманов («Қайрат»), Абылай Төлеухан («Қайрат»), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Исмаил Бекболат («Қайрат»), Мақсат Абраев («Астана»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).

Айта кетсек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын польшалық маман жаттықтыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар