Қазақстан 20 жылдық белеске демократиялық дамыған беделді аймақтық держава ретінде аяқ басуда - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов

Бұл туралы бүгін Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тәуелсіздік. Елбасы. Ел бірлігі» тақырыбында этносаралық және конфессияаралық мәселелер жөніндегі халықаралық конференция кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
«Бүгін бiз тәуелсiздiгiнiң 20 жасқа толған шағын Қазақстанның экономикалық күштi, демократиялық дамыған, жаһандық қауiпсiздiк пен әріптестікті қамтамасыз етуде сенiмдi үлес қосып келе жатқан, халықаралық аренада беделдi аймақтық держава ретінде қарсы алып жатқандығын абыроймен айта аламыз», - деп атап өтті Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, бұның барлығы ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайраткерлігінің жарқын жемісі және әлемдік деңгейдегі көшбасшы беделінің айқын дәлелі.