20:35, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қазақстан 2012 жылдың соңына дейін ДСҰ-ға кіреді
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан 2012 жылдың соңына дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
Оның атап өтуінше, қазіргі таңда тауарлар мен қызметтер нарығына ену бойынша екіжақты келіссөздер аяқталған. Тек Аргентина мен Сауд Арабиясымен ғана келіссөздерді 2012 жылдың қаңтар-ақпанында аяқтау жоспарланған.
«Біздің ойымызша, барлығы Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен бірлесіп әзірленген жоспар негізінде жүретін болса, онда біз келесі жылдың соңына дейін келіссөздерді аяқтай аламыз», - деді Ж.Айтжанова.