14:25, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстан 2016 жылғы Олимпиададан екі алтын алуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландиялық Infostrada спорт агенттігі осы жылы тамызда Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысты өз медальдық болжамын жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.

Осы ұйым мамандарының болжамынша, Бразилиядағы алтын наградаларды қазақстандық Иван Дычко (бокста), Александр Зайчиков (ауыр атлетикада) иеленуі мүмкін.
Олимпиаданың күміс жүлделері біздің жерлестеріміз Данияр Елеусіновке (бокс), Зульфия Чиншанло, Нижат Рахимов және Жасұлан Қыдырбаевқа (барлығы - ауыр атлетика), сондай-ақ Алмат Кебісбаевқа (грек-рим күресі) «бұйырады».
Голландияда талдаушылардың болжамынша, отандастарымыз Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Жасұлан Әлімханұлы (барлығы - бокс), Карина Горичева мен Алмас Өтешев (екеуі де - ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо) қола жүлдеге лайық.