Қазақстан адам құқығын қорғау мен дамыту саласында еуропалық стандарттарды бағдарға алады - СІМ орынбасары

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан адам құқығын қорғау мен дамыту саласында еуропалық стандарттарды бағдарға алады. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде халықаралық Адам құқығы күнiне арналған дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген аталған ведомство басшысының орынбасары Алексей Волков осылай мәлім етті.
None
None

«Тәуелсіздік жылдары біз ұлттық заңнама арқылы адам құқықтарын қорғау бағытында халықаралық стандарттарды нығайту бойынша үлкен әрі маңызды қадамдар атқардық. Бұған 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау мен жүзеге асыру мәселесі де дәлел бола алады. Бұдан бөлек, елімізде 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы да бар», - деді СІМ орынбасары. Оның айтуынша, аталмыш адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін күшейтуге бағытталған бағдарламалық құжаттар мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық құрылымдармен өзара әрекеттестік бойынша табысты дамып келеді.

«Бүгінгі күні Қазақстан адам құқығын қорғау саласында еуропалық стандарттарға бағдарланады. Бұның айқын мысалын Қазақстан Республикасының Венеция комиссиясы аталатын Құқық арқылы демократияландыруға атты еуропалық комиссияға мүшелігі туралы Мемлекет басшысының жарлыққа қол қоюынан көруге болады», - дейді А. Волков.

Соңғы жаңалықтар