Қазақстан әлемнiң қарқынды дамып жатқан 20 елдiң қатарында қалуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан әлемнiң қарқынды дамып жатқан 20 елдiң қатарында қалуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгiн Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында ҚР Инвестиция және даму вице-министрi Ерлан Сағадиев мәлiм еттi.
None
None

Айта кетейiк бүгiн Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтіп жатыр. Оған екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысуда.

«Бүгiнде Мажарстан қарқынды дамып жатқан ел ретiнде бiлемiз. Бiздiң елдер арасындағы саяси сұхбаттың белсендiлiгi, соның iшiнде сауда және инвестициялық қатынастардың деңгейi жоғары. Осы қарым-қатынастарды дамытуға мүдделiмiз. Бiрқатар идеялар, жобалары бар. Олар бүгiн ұсынылады. Бiзде өнеркәсiптiң белгiлi бiр бағыттары да өте қызықты. Оған инвестиция тартуды көздеймiз. Бұл металл, өндiрушi өнеркәсiп, тамақ өңдеу, құрылыс материалдарын шығару салалар. Қазақстанның да экономикасы қарқынды дамуда. Макроэкономикалық, саяси және әлеуметтiк тұрақтылық аймақтық көшбасшы болуымызға және инвестициялар үшiн тартымды ел ретiнде қалыптасуымызға шешушi фактор болды», - деп атап өттi ол.

Вице-министрдiң сөзiне қарағанда, қазiр Қазақстан инвестиция тартуда Орталық Азияда бiрiншi орында тұр. Және әлемдегi дағдарысқа қарамастан, осы қарқынды төмендетпей ұстап тұруды көздейдi.

«Соңғы бес жылда трансшекаралық инвестициялар төмендегенiмен, бiз индустрияаландырудың алғашқы бесжылдығын сәттi өткердiк, шамамен 700-ге тарта компания құрылды. Қазiр бiз жаңа бесжылдықты бастаудамыз. Бiз мойнымызға қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруға мiндеттеме аламыз. Бiз әлемде инвестициялық тартымдылығы жоғары үздiк 30 елдiң қатарына кiрмек жоспарымыз бар. Бiз өз заңнамамызға үлкен өзгерiстер енгiздiк, оны бiршама қолайлы етiп жасадық. Оның негiзiнде инвесторлар мемлекетпен инвемтициялық келiсiмшарт жасап, жеке заңнама құра алады, оның аясында бiз салықсыз қызмет жүргiзуге, жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ елге құйылған инвестициялардың 30 пайызын қайтаруға дайынбыз. Бiзде 10 арнайы экономикалық аймақ бар. Қазақстан осы арқылы әлемдегi жайсыз тенденцияларға қарамастан, инвестициялардың көлемiн кемiтпеудi және әлемнiң 20 қарқынды дамып жатқан елдерiнiң қатарында қалуды жоспарлауда», - дедi ол.

Соңғы жаңалықтар