Қазақстан әрқашан да біздің Орталық Азиядағы сенімді стратегиялық әріптесіміз болып қала береді - А.Лукашенко

sp;МИНСК. Қарашаның  26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Беларустың Орталық Азиядағы сенімді стратегиялық әріптесі болған және болып қала береді. Бүгін Минскіде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Беларус Президенті Александр Лукашенко осылай мәлімдеді,
None
None

деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бұны жоғары бағалаймыз және Қазақстанның Еуропалық өңірдегі мүдделерін ілгерлетуге көмектесуге дайынбыз», деді өз сөзінде А. Лукашенко.

А. Лукашенко дағдарыстың ықпалынан аяқталып келе жатқан 2009 жыл күрделі болғандығын тоқталып: «Атап өтерлігі, Беларус пен Қазақстан осы күрделі кезеңді лайықты өткеріп отыр. Мұндай күрделі жағдайда бізге  өздеріміздің әріптестерімізге сенімімізді сақтағанымыз маңызды», деді,

Оның атап көрсетуінше, бүгінде Беларус пен Қазақстанның екі жақты қарым-қатынастарында қайшылықтар мен проблемалы мәселелер жоқ. «Осы тұрғыда жаңа формаларын пысықтай отырып, біз ынтымақтастығымызды тиімді нығайтуды жалғастырамыз», деді Беларус басшысы.

А. Лукашенко Беларус пен Қазақстан озық технологиялардың негізінде шығарылатын бәсекеге қабілетті өнімдердің бірлескен өндірісін құра отырып, байланыстарын дамытудың маңызды векторын дұрыс таңдағанын атап өтті. «Соңғы жылдары Қазақстанда тракторларды, астық жинайтын комбайндарды, жартылай тіркемелерді, лифтілерді бірлесіп құрастыратын  өндірістер ұйымдастырылды. 2009 жылы жиһаз, сүт өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылды.  Биыл әсіресе Беларус пен Қазақстан Үкіметтерінің желісі бойынша байланыстар өте-мөте белсенді дамыды», - деді Беларус басшысы.

Соңғы жаңалықтар