«Қазақстан аруы - 2013» ұлттық байқауына БҚО-дан дзюдошы қыз қатысады

ОРАЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 5 желтоқсан күні өтетін «Қазақстан аруы - 2013» ұлттық байқауына Оралдан Махаббат Тәкішева қатысады.

«Қазақстан аруы - 2013» ұлттық байқауына БҚО-дан дзюдошы қыз қатысады
Ол жуырда өткен «Орал аруы - 2013» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітіріп, заңгер мамандығын алған қыз қазіргі кезде Еуразия банкінің жергілікті филиалында еңбек етеді. 22 жастағы М.Тәкішева спортпен де дендеп айналысады. Ол - дзюдодан 2010 жылғы Қазақстан чемпионы. Аталмыш байқауда Светлана Милюкова бірінші, Әсел Абдулова екінші, Сәуле Әбілдаева үшінші, Мөлдір Сағынай төртінші орынды иеленді.