Қазақстан әскерилері көру қабілетіне зақым келген балаға көмектесті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері еркін түрде материалдық қаражат жинау арқылы қайырымдылық танытып, екі жасар бүлдіршін Вероника Григорьеваны емдеуге үлес қосты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қаржы жинау ҚР ҚК әскери қызметшілерінің қайырымдылық жүгіру шарасында ұйымдастырылды. Ол «Әскери әулет» байқауы шеңберінде өткізіліп, 700-ден аса адамның басын тоғыстырды. Әскери қызметшілер бұл марафонға бүкіл отбасыларымен қатысты. Осылайша, өскелең ұрпаққа, өз балаларына мұқтаж адамдарға қайырымдылық таныту, жәрдем беру мен қолдау көрсетудің маңыздылығын көрсетті. Жиналған қаражат Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорына берілді.

Григорьева жетілмеген балалардың ретинопатиясына шалдыққан. Бұл көз ауруы көз қабыршығы дамуының бұзылуы салдарынан пайда болады және толық көру қабілетінен айырылып қалуы да мүмкін. Бүлдіршін көзге жасалатын төрт отаны бастан кешірген. Бұл ота оң нәтижелерін берді. Енді келесі жылдың мамыр айында оны қорытынды операция күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар