Қазақстан ӘТК әскери теңізшілері АҚШ-тың әскери базасында тағылымдамадан өтуде (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Әскери теңіз күштерінің әскери қызметшілері капитан-лейтенант Айбек Жұманов пен 3-дәрежелі старшина Тұмарбек Көшкінбаев АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге жіберілді. Екі аптаға созылатын курс Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштері 5-ші флотының бас жедел базасында өтеді.
Мұнда әскери теңізшілеріміз жауынгерлік корабльде өздерінің шетелдік әріптестерінің жұмысын бақылайды, білімдері мен әдістемелерін көрсетеді, тәжірибе алмасады.
«Біз АҚШ әскери-теңіз флотының теңізшілері қалай жұмыс істейтінін, суасты әскери корабльдер экипаждарының күнделікті қызметі, олардың жауынгерлік және дене даярлығы, сондай-ақ суға шығулары қалай ұйымдастырылғанын қадағалаймыз. Бұл біздің әрі қарайғы қызметімізде пайдалы болатын тәжірибе алмасу», - деп білемін деді капитан-лейтенант Айбек Жұманов.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының айтуынша, мұндай курстардың шынайы оң нәтижелері болады. Осыған байланысты, халықаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейте отырып, Қазақстан мен өзге де елдердің әскери теңізшілерінің бірлескен дайындық практикасын жалғастыру жоспарлануда.