Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 28 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 06:32–де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелді.

Мексикада 6,0 балдық жер сілкінісі болды
Фото: hurriyet.com.tr

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметіне сәйкес, Алматы қаласында жер сілкінісі сезілген жоқ.

Алматы қаласы ТЖД-ның «112» және «101» нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты оқиғалар мен өтініштер туралы хабарламалар түспеген.

Бұған дейін ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ, жер сілкінісінен, су тасқынынан және өрттен тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілетіні хабарланды.

Бұдан бөлек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында Қазақстан территориясында болған ең қуатты зілзалалар жайында мәлімет берді.