15:55, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстан аумағында қырғыздардың болу тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында қырғыздардың болу тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Екі елдің Үкіметтеріне Қазақстан аумағында қырғыздардың болу тәртібі туралы келісімді дайындау тапсырылғандығын баса айтқан Мемлекет басшысы: «Іс жүзінде біз саяси деңгейде Қырғызстан азаматтары елімізде 90 тәулікке дейін 5 күннің ішінде тіркеліп, бола алады деп келістік», - деді.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстан Кеден одағына кіретіндіктен аталған жайтқа қатысты қандайда да бір мәселелердің болуы мүмкін екендігін атап өтті.
«Дегенмен, менің ойымша біз оларды дұрыс шешетін боламыз», - деді ҚР Президенті.