10:33, 17 Қазан 2025 | GMT +5
Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен әлемдік турдың жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі басталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда ұлттық құрама Канада мен Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Жартылай финалға тікелей екі команда ғана өтті. Ал Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге шықты.
Айта кетейік, жартылай финал 18 қазан күні өтеді.
Шорт-тректен әлемдік турда 11 спортшы ел намысын қорғайтынын жазған болатынбыз.
Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңартылған тізімі жарияланды.