Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Інжу Баққожа Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды.

Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады
Фото: UWW

Отандасымыз 46 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Алина Баранованы 8:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ 61 келіге дейінгі салмақта Аружан Бақытнұр қола жүлде үшін күресті. Дегенмен үндістандық Аваншикаға жол берді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір күміс, бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль алған еді.

Еске салайық, бұған дейін семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанған Қазақстан ерлер құрамасы елге оралғанын хабарлаған едік.