Қазақстан азаматы Вьетнамда із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — 26 жасар Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір Вьетнамда із-түзсіз жоғалып кетті. Ол жақындарымен соңғы рет 6 наурыз күні сағат 14:42 шамасында Хошимин қаласында байланысқа шыққан. Содан бері туыстары онымен хабарласа алмай отыр.

Пропавшую во Вьетнаме казахстанку ищут при участии дипломатов
Фото: Видеодан скрин

Қыздың жоғалғаны туралы әлеуметтік желіде оның әпкесі Рузанна Жусупова мәлімдеді.

Туыстарының айтуынша, Асем Ханой қаласына баруды жоспарлаған. Барлық төлемді картамен жасаған, ал қолында қолма-қол қаражаты болмаған.

Жақындарының айтуынша, жоғалып кетер алдында бойжеткен өзін біреулер аңдығанын күдіктеніп, алаңдаушылық білдірген. Осыдан кейін онымен байланыс үзіліп қалған.

Туыстары Вьетнам аумағында жүрген қазақстандықтардан және сол елде тұратын азаматтардан іздестіруге көмектесуді сұрайды. Олар мүмкіндігінше жергілікті ауруханаларды қарап шығуға, полиция органдарына хабарласып, қыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса жеткізуге шақырады. Сондай-ақ жақындары Оңтүстік-Шығыс Азиядағы интернет-қоғамдастықтар мен еріктілердің де қолдауына үміт артып отыр.

Аталған жағдайға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық дипломаттар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

— Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі Әсем Әубәкірдің туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оның нақты жүрген жерін анықтау шаралары қолға алынған. Бұл мәселе ҚР СІМ-нің бақылауында, — деп хабарлады министрлік.

Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Туыстары ақпараттың кеңінен таралуы қыздың жүрген жерін анықтауға көмектеседі деп үміттенеді. Егер Әсем Әубәкір туралы қандай да бір мәлімет белгілі болса, жақындары бұл туралы құқық қорғау органдарына немесе Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне хабарлауды сұрайды.

Бұған дейін Филиппин аумағында паром апатынан жүздеген жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум