Қазақстан азаматтары Электрондық сандық қолтаңбаны ұялы телефонның SIM-картасына жазып ала алады

«2015 жылы енгізгелі жатқан жаңашылдықтардың бірі ұялы телефонның SIM-картасына жазылған Электрондық сандық қолтаңба. Осы арқылы қарапайым телефон иесі қысқа нөмірге SMS-хабарлама жіберіп, оған мобильдік қолтаңбасын қойып, қажетті қызметін алу мүмкіндігіне қол жеткізбек. Бұл қолтаңба арнайы SIM-картада жазылған», - деді министрдің орынбасары.
Бүгінде қарапайым телефондарда қызметтер USSD, SMS каналдары арқылы жүзеге асырылады.
С. Сәрсеновтың айтуынша, қазіргі кезде мобильдік қосымша смартфондар мен планшеттердегі iOS және Android тұғырнамалары үшін қолжетімді. Олардың көмегімен электронды қызметтердің 54 түрін алуға болады. Бүгінде мобильдік қосымша арқылы 752 мың қызмет көрсетілген екен. Жыл соңына дейін тағы да 22 қызметті іске қосу көзделіп отыр.