Қазақстан, Әзербайжан мен Грузия темір жол консорциумын құру туралы уағдаласты - Б.Сағынтаев

БАКУ-ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев екі күндік жұмыс сапарымен Грузияға келді.
None
None

Б. Сағынтаев сапары аясында Батумидегі мұнай терминалына және Батуми портына барды. Сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Тбилисиде транзиттік-көлік мәселелер бойынша Премьер-Министр Георгий Квирикашвили мен экономика министрі Дмитрий Кумсишвилимен келіссөздерге қатысты.

Грузия мен Қазақстан үкіметтік ведомстволарының өкілдері талқылаған басты мәселелердің бірі Транскаспийлік халықаралық маршрут болды.

Б. Сағынтаев атап өткендей, Грузия, Қазақстан және Әзербайжан темір жол ведомстволары темір жол консорциумын құру туралы уағдаласты. Ол Қытай порттарынан Батум портына, одан Түркия мен Еуропаға жүк қозғалысын қамтамасыз етеді.

«Бұл барлығымыз үшін өте тиімді транзиттік маршрут және біз мұндай консорциум құруға шынымен мүдделіміз», - деп мәлімдеді Б. Сағынтаев.

«Қазақстан Батум порты мен Батум мұнай терминалында өз активтерінен бас тартпайды, өйткені бұл Транскаспийлік транзиттік маршрутқа байланысты», - деді Б. Сағынтаев. Бұдан басқа, Б. Сағынтаев қазақ инвесторлары олардың активтері кез келген тәуекелден қорғалуына мүдделі екеніне тоқталды.

«ҚазТрансГаз - Тбилисиге» қатысты даулы жағдай қалыптасқанын білесіздер. Біз шамамен 6-7 жыл бұл активтерді басқармаймыз. Бұл компанияны сот тағайындаған басқарушы басқарады. Бұл жағдай бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, бізде 142 млн АҚШ доллары көлемінде инвестицияны жүзеге асырған өз активтерімізге қолжетімділік жоқ. Тиісінше, егер бұл активтер қорғалатынына сенімді болсақ, біз осы бағытта жұмыс істейміз», - деп мәлімдеді бірінші вице-премьер.

Өз кезегінде, Грузияның вице-премьері, Экономика және орнықты даму министрі Д.Кумсишвили Грузия үкіметі осы бизнесте Қазақстанның инвестор болып қалғанын қалайтындықтан, осы активтерді қорғауды қамтамасыз ететіндеріне сендірді.

Д.Кумсишвилидің мәлімдеуінше, қазақ тарапы Батум борты мен мұнай терминалынан кетпейтініне кепілдік берді, әрі осы нысандарда жаңа инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлауда.

«Біз бұл дәлізден Қазақстаннан барынша көп жүк тарту үшін бұл арқылы қазақстандық жүктердің өтуі туралы мәселені алға қойдық» , - деп қосты ол.

«КазТрансГаз» компаниясына қатысты айтар болсақ, таяу уақытта Тбилисиге тағы бір жұмыс тобы келеді, олар Тбилиси газ бөлу компаниясының жағдайымен танысады. Осы сапардан кейін қазақ тарапы осы мәселе бойынша шешім қабылдайды», - деп атап өтті Д.Кумсишвили.

«Ол компанияны басқаруды жалғастыру үшін қазақ тарапының менеджментке мүмкіндігінше және міндетті түрде қайта оралу қажеттігін мәлімдеді. Біз сондай-ақ компанияға инвестиция қажет екенін, қазақ тарапы астананы газбен жабдықтайтын компанияға инвестиция салу қажеттігін сезінуі тиіс екенін түсіндірдік», - деп сөзін түйіндеді Д.Кумсишвили.

Соңғы жаңалықтар