Қазақстан банк секторының негізгі міндеті ? дағдарыс жағдайына төтеп беру ? ҚР Қаржы министрлігіндегі кездесу
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Қаржы министрлігінде ведомство басшысы Болат Жәмішев Арменияның экс-премьер-министрі, Кембридж университеті менеджмент институтының «Еуразия» орталығының директоры Армен Саркесянмен және «Black Stone» ірі инвестициялық компаниясының бір тобының директоры Джон Студзинскимен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында Б.Жәмішев Қазақстанның қаржы жағдайы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Бүгінгі күні Қазақстан банкі секторының негізгі міндеті ? дағдарыс жағдайына төтеп беру. Бұдан әрі бұл салада стратегиялық инвесторлар іздестіру үрдісі жандандырылады», - деп атап өтті министр.Инвесторлар үшін тағы бір тартымды тұс, «30 корпоративтік көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Қонақтар келесі кездесуде бірқатар «серпінді жобаларды» инвестициялаудың мүмкіндіктерін талқылауға тілек білдірді.