Қазақстан-Беларусь әріптестігі ҚР-да ғылымға бағдарланған жобаларды табысты жүзеге асыруға септігін тигізеді

«Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ мен «Геоақпараттық басқару жүйелері» холдингінің басқарушы компаниясы болып табылатын «АГАТ - басқару жүйелері» ААҚ Минскіде ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Қазақстандық тараптан 14 мамыр күні құжатқа басқарма төрағасы - «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ-ның перзиденті Болат Смағұлов, беларусь тарапынан - «АГАТ - басқару жүйелері» ААҚ-ның директоры Юрий Мосиенко қол қойды.
Меморандумға сәйкес, тараптар әскери және өндірістік-техникалық міндеттегі автоматтандырылған басқару жүйелерін өңдеу, дайындау және жеткізу саласында ынтамақтасуға ниетті.
Меморандумды жүзеге асыру барысында жобаларды одан әрі алға жылжыту үшін ұсынымдарды әзірлейтін - бірлескен жұмыс тобы құрылады.
Қол қою рәсімінен кейін Б.Смағұлов атап көрсеткендей, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ «Мидивисана» жауапкершілігі шектелу қоғамы, «Пеленг» ААҚ мен «Белтехэкспорт» ЖАҚ сияқты Беларусьтың ірі қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындарымен табысты жұмыс істеп отырғандығын атап өтті.