17:03, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстан Беларусьқа ИЫҰ-мен ықпалдастықты орнықтыруға қол ұшын береді - Елбасы
МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Беларусьқа Ислам ынтымақтастығы ұйымымен ықпалдастықты орнықтыруға көмек көрсетеді.

Бұл туралы бүгін Минскіде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Қазір біздің ел Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуде, біз Беларусьқа ИЫҰ-ның бақылаушысы дәрежесін алу үшін көмектесеміз», - деді ол.
Сонымен қатар Елбасы, елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктін одан әрі тереңдей түсуіне сенімін білдірді.
«Стратегиялық әріптестікке бағдарланған бізді байланыстыратын достық пен өзара сыйластық, Қазақстан мен Беларусь халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта да біздің қарым-қатынастарымыздың негізгі қағидаты болып қала беретіндігіне сенімдімін», - деп атап өтті Президент.