Қазақстан - Беларусь: өнеркәсіпті дамыту
ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Минскіде ресми сапарда жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Минск трактор зауытында болып, өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорынның жаңа техникалары қойылған көрмемен танысты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы өндіріс коперациясын дамыту мақсатында 2010-2011 жылдарға арналған Бірлескен шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Бүгінде Қазақстанның индустрияландыру картасына беларусь техникасын 98,6 млн. доллардан астам қаржыға жинастыратын 5 бірлескен жоба енді.
Жол картасына орай Қазақстан-Беларусь өндірісі БелАЗ техникасын жинау мен жөндеуді жүзеге асырып, Есіл-470 астық жинайтын комбайн, дизель двигателін жинау, «Беларусь-3022» тракторын, «МАЗ» арнайы техникасын жасауда.