Қазақстан Беларусь пен Ресейдің бірыңғай электр энергиясы нарығына қосыла алады
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Беларусь пен Ресейдің бірыңғай электр энергиясы нарығына қосыла алады.
Бұл туралы бүгін Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путинмен өткен кеңейтілген кездесу барысында Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
Михаил Мясникович атап өткендей, екі мемлекеттің ілгерілеушілік деңгейінің жетерліктей жоғары деңгейінің арқасында екі ел премьер-министрлері кездесуінің күн тәртібінде өзекті мәселелер өте көп. Оның негізгілері Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен болған шағын құрамдағы кездесу барысында талқыланды.
Беларусь Премьер-Министрі сондай-ақ қаңтар айында қол жеткізілген екі ел арасындағы уағдаластықтар бүгінгі таңда екі ел үшін электр энергиясы саласындағы маңызды келісімдерге қол қоюға жеткізгенін атап өтті.
Ол АЭС-ті қаржыландыру мәселелерін шешу беларусьтік энергия жүйесін практикалық нығайтуды қамтамасыз етеді және Беларусь пен Ресей электр энергиясы бірыңғай нарығы үшін технологиялық негізді кеңейтеді, деп санайды. «Оған Қазақстанның қосылуының жақсы мүмкіндігі бар. Беларусь пен Ресей газ және мұнай салаларында да осылайша ықпалдаса алатынына сенімдімін», - деп атап көрсетті премьер-министр.
Сөйтіп, энергия қауіпсіздігі ұлттық жүйелері энергия қауіпсіздігінің жалпы өлшемдерімен күшейе түседі. Бұл тұрғы Одақтық мемлекет құру туралы шарт қағидаларына да сәйкес келеді, алайда Михаил Мясниковичтің пікірінше, қуаттар толық көлемінде пайдаланылмай отыр.
Әсіресе бұл Кедендік одақ пен БЭК ауқымындағы жеткілікті құқықтық база жасалмаған бағыттарға да қатысты. Ол беларус тарабы барлық келісімдерді ратификациялағанын еске салды және таяудағы уақытта Ресей Федерациясы да тиісті шешімдер қабылдайтынына үмітін білдірді. Әңгіме мәселені нақты жобалармен толықтыру жөнінде болып отыр. Олар - ғылыми-техникалық және әскери-техникалық ынтымақтық мәселелері, бірыңғай өнеркәсіп саясаты, индикативтік тепе-теңдіктер жүйесі.