19:47, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан Беларус үшін Орталық Аиядағы стратегиялық сауда-экономикалық әріптес болып табылады ? А.Лукашенко
МИНСК. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Беларус үшін Орталық Азиядағы стратегиялық сауда-экономикалық әріптес болып табылады.
Бұл туралы бүгін Беларус Президенті Александр Лукашенко Қазақстанның Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирновтан сенім грамотасын қабылдау үстінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.«Бізді ЕурАзЭҚ, ТМД және ҰҚШҰ сияқты ықпалдастық құрылымдар ауқымында Қазақстанмен айрықша қатынастар байланыстырып отыр», - деді Беларус басшысы. А.Лукашенко Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. «Қазақстанның жаңа елшісі біздің елдеріміз арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге лайықты үлес қосады деп сенемін», - деді А.Лукашенко. Қазақстан ТМД аясында Ресей мен Украинадан кейінгі Беларустың ірі сауда-экономикалық әріптестері үштігіне кіреді. 2008 жылдың 11 айында Беларус пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 500 миллонға жуық долларды құрады.