Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Үкімет басшылары БЭК іскерлік топтарының форумына қатысады

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Үкімет басшылары 31 мамыр күні Минск қаласында өтетін Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің іскер адамдарының «Еуразиялық экономикалық одақ: кәсіпкерлердің үміті» форумына қатысады.
None
None

Бұл туралы тілшілерге Беларусь сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Михневич мәлімдеді.

«Бүгінде форумға қатысатындығын Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев, Қазақстанның Үкімет басшысы Серік Ахметов, Арменияның премьер-министрі Тигран Саркисян қуаттады», - деп атап өтті СІМ өкілі.

Әзірге басқа мемлекеттер форумға қатысу мәселесін қарастыру үстінде. Келелі жиынға Ресей үкімет басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысады деп күтілуде. Жоспар бойынша форумға өзбекстандық, молдавиялық, тәжік және түркімендік тараптар ат салысады. Жалпы іс-шараға билік пен кәсіпкерлік қауымдастықтың 600 өкілі қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар