Қазақстан біртұтас ақпараттық кеңістік құруда ТМД мемлекеттері арасындағы өзара іс-әрекетке зор маңыз береді - Н. Назарбаев

sp;МИНСК. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан қаржылық, адами және техникалық ресурстарды жұмылдыруда және біртұтас ақпараттық кеңістік құруда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара іс-әрекетке  зор маңыз береді. Бұл туралы Беларусқа ресми сапары аясында кеше Минскіде  өткен «ТМД кеңістігін біріктірейік» атты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі халықаралық саммитте сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н. Назарбаев бұл үдерісте Халықаралық электр байланыс одағының және Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың рөлін айрықша атап өтті. «Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2004 жылдан бастап 2008 жыл аралығында әлемдік телекоммуникация рыногының көлемі екі есеге өсіп, 2 триллион доллардан астамды құрады. Ірі өңірлік телекоммунакациялық рыноктардың қарқынды өсуі жүруде. Осының барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың перспективасы зор екенін білдіреді», деді Н. Назарбаев.

Осы орайда Қазақстан басшысы қуатты транзиттік әлеуеті бар және географиялық тұрғыдан жақсы орналасқан ТМД елдерінің даусыз артықшылықтары барын атап өтті. «Біздің байланыс операторларымыз өзара пайдалы ынтымақтастықты кеңейту үшін осы артықшылықты пайдалануы тиіс», деді.

Елбасы, дейтұрғанмен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жоғары қарқынды дамуынан оның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тәуекелдер туындайтынын ескеру керектігін атап өтті. «Бұл бағытта біз бағдарламалық өнімдерді сертификаттауда және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мол тәжірибесі бар әріптестеріміз Беларус және Ресеймен тыңыз ынтымақтасудамыз», - деді Қазақстан басшысы.

Айта кетейік, Халықаралық электр байланыс орталығы әріптестерімен бірлесіп қарашаның 26-27-сі күндері Минскіде «ТМД кеңістігін біріктірейік» атты саммит өткізді. БҰҰ-ның ақпараттық-технологиялық мәселелер жөніндегі мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық электр байланыс орталығы ақпараттық-комуникациялық технологияларға қатысты бұл шараны «Әлемді біріктірейік» атты өзінің шараларының сериясы аясында ұйымдастырды. Саммитке 400-ге жуық өкілдер қатысты Олардың ішінде ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінің, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Беларус, Тәжікстан және Арменияның басшылары, үкіметтік органдардың, салалар мен қаржылық мекемелердің өкілдері бар.

Саммиттің мақсаты - ТМД өңірінің цифрлық инфрақұрылымға және қызмет көрсетулерге тезірек өтуіне қолдау көрсету үшін адами, қаржылық және техникалық ресурстарды жұмылдыру болып табылады. Саммит мемлекет пен жеке меншік сектордың басшыларына, сондай-ақ қаржыландыру және даму мәселелерімен айналысатын халықаралық және өңірлік мекемелердің өкілдеріне жаңа әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар