Қазақстан болашақта өңірдің тағдырын айқындайтын мемлекет болады - Мажарстан Премьер-Министрі

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан болашақта өңірдің тағдырын айқындайтын мемлекет болады. Бұл пікірді бүгін ҚР Үкімет басшысымен кездескеннен кейін Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан білдірді.

Қазақстан болашақта өңірдің тағдырын айқындайтын мемлекет болады - Мажарстан Премьер-Министрі

Екі ел Үкіметтерінің арасындағы бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында В. Орбан соңғы 20 жылдағы Қазақстанның жетістіктеріне зор баға беретіндігін айта келе: «Біз Қазақстанның жетістіктеріне зор құрметпен әрі ілтипатпен назар аударамыз. Қазақстан болашақта осы өңірдің тағдырын айқындайтын мемлекет болады деп санаймыз»,-деді.

Оның пайымынша, қазақ елі дағдарысқа қарсы өзінің іс-қимылдарымен әлемдік рессеция туралы жел сөздерге тосқауыл қойып отыр. «Әрине, әлемде дағдарыс орын алған, алғашқы белгілері байқалған елдер де бар. Біз дағдарыс белгілері айқын байқалған елден дағдарыс жоқ елге келіп отырмыз»,-деп атап өткен Мажар Үкіметі басшысының пікірінше, Қазақстан алдағы уақытта да бұған дейінгі даму қарқынын төмендетпейтін болады.