18:46, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Қазақстан Болгариямен арадағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.