Қазақстан БҰҰ Бас Ассамлеясының 64-ші сессиясында вице-төрағалық етеді
-ЙОРК. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Қазақстан БҰҰ Бас Ассамлеясының 64-ші сессиясында вице-төраға деген жоғары мәртебеге ие болды.
Жыл бойы қазақстандық өкілдерге жаһандық реформаларды жүргізу құқығы беріледі. Құрметті және жауапты өкілдік жұма күні ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа жүктелді.
Қазақстан БҰҰ Бас Ассамлеясы сессиясының вице-төрағасы лауазымына сайлануы республиканың халықаралық беделінің өсуінің куәсі, оның рөлін тек аймақтық көшбасшы ретінде ғана емес, әлемдік аренадағы маңызды ойыншы ретінде де тану болып табылады. Жоғары мәртебе сонымен қатар, біздің елдің кең көлемді мәселелер бойынша ұйымның қызметіне БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдік арқылы белсенді қатысуын көрсетеді.