Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 40-орынға көтерілді

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік органдардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 82-ден 40-орынға көтерілген.
«Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты тексерілуде. Әрі мемлекеттік, әрі корпоративтік секторлардағы дерекқорларға қашықтықтан қол жеткізу технологияларын қауіпсіз пайдаланудың әдістерін меңгеріп жатырмыз. Бұдан бөлек, ақпараттың қауіпсіздігін жүйелі талдау енгізіліп жатыр», - деді ол.
Асхат Оразбек атап өткендей, осы мәселелердің өзектілігіне байланысты, ақпаратты қорғау саласындағы кәсіби аутсорсинг қызметтеріне деген сұраныс артып отыр. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік бағытына бөлінетін білім гранттары 11 есе артып, 60-тан 674-ке жеткен.
Қазақстандық және Польша, Малайзия, Италия, Өзбекстан елдерінен келген спикерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері пікір алмасты. Сарапшылар жаһандық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі мәселелерін талқылады.
Авторы Сара Қабиқызы