Қазақстан БҰҰ реформалануы үдерісіне әсер ете алады - С. Санаубаев

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып, халықаралық ұйымның реформалануына әсер ете алады, деп санайды «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры Серік Санаубаев.
None
None

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы  - бұл аса маңызды құбылыс. Көптеген елдер осыған ұмтылады, Қазақстан Орта Азияның елдерінен озып кетті. Мұндай шешімнің қабылдануына Қазақстанның қауіпсіздік, экология және өзге де жаһандық салалардағы мәселелер бойынша сыртқы саяси жұмысы әсер еткені сөзсіз», - деп атап өтті бизнес-қоғамдастық өкілі.

Серік Санаубаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы Қазақстанның имиджін арттыратынына сенімді.  

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ трибунасында сөз сөйлеп, аталған халықаралық ұйымның реформаланатынын тілге тиек етті. Менің ойымша, біздің еліміз бұл үдеріске енді көбірек әсер ете алады», - деді С. Санаубаев.

Соңғы жаңалықтар