«Қазақстан Даму Банкі» АҚ мен Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында меморандумға қол қойылды
Жасалған меморандумның негізгі мақсаты- Банк инвестициясының қатысуымен Индустриалдандыру картасының аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың тәуелсіз мониторингін өткізу саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасының инвестициялық жобалар мониторингін жүзеге асыруы Банктің инвестициясының қатысуымен іске асырылатын ел үшін маңызды объектілерді іске асыру мен салу мониторингін жүргізуге және дұрыс түсіндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Банктің инвестициясының қатысуымен ҚР Индустриалдандыру картасына енген 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте Банк инвестициясының көлемі 2,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұдан өзге Индустриалдандыру картасына енген тағы да 14 инвестициялық жоба қараудың әр түрлі сатысында екенін атап кету қажет.
2010 жылдың басынан Банк тобы ҚР Индустриалдандыру картасына енген 8 инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізді.
Аталған жобаларды жүзеге асыруға 2300 жұмысшы атсалысты, ал олар іске қосылғаннан кейін 3200 -дей жұмыс орны құрылды. Индустриалдандыру картасына енген тағы да 10 инвестициялық жобаны 2010 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.