Қазақстан Даму банкі мен Қытай мемелкеттік даму банкінің басшылары ынтымақтастық келешегін талқылады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен Қытай мемлекеттік даму банкінің (CDB) президенті Чжэн Чжицзе (Zheng Zhijie) екі қаржы институты ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын талқылады.
None
None

Бұл туралы ҚДБ баспасөз қызметінен хабарланды.

Астанада өткен келіссөздер барысында тараптар екі мемлекеттің экономикалық игілігі үшін өзара әрекеттестікті нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Өз кезегінде Қазақстан Даму банкінің басшысы қытайлық әріптесіне еліміздегі экономиканың шикізаттық емес секторындағы жобаларды, инфрақұрылымдарды қаржыландыру мүмкіндігі бойынша ақпарат беріп өтті. Оның сөзінше, қазіргі күні Қазақстан Даму банкінің ықтимал жобаларының қоржыны (pipeline) 1 трлн. теңгеден асады.

Тоқтала кететін жайт, «Қазақстан Даму банкі» бұған дейін «CDB»-мен жалпы сомасы 300 млн. долларды құрайтын үш кредиттік келісімшарт жасасқан болатын. Бұл бағытта бөлінген қаражаттың барлығы толығымен игерілген, атап айтқанда электроэнергетика, металлургия, көлік және жеңіл өнеркәсіп саласындағы жобалар қаржыландырылған еді.

Бұдан бөлек, Қазақстан даму банкі мен «CDB» ағымдағы жылдың мамыр айында 500 млн. долларды құрайтын кредиттік желіні ашу туралы негізгі келісімшарт жасасқан болатын. Келіссөздер барысында Б.Жәмішев пен Ч.Чжицзе аталмыш келісімнің тезірек жүзеге асуына өзара қызыушылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар