Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан делегациясы «Болон процесі» конференциясына алғаш рет ресми қатысты

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Сәрсенбі күні Бельгияның Лувен-Ла-Нёв (Louven-la-Neuve) қаласында білім министрлері деңгейінде «Болон процесі -2009» екікүндік конференциясы өз жұмысын аяқтады,

Қазақстан  делегациясы  «Болон  процесі» конференциясына  алғаш рет  ресми   қатысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық делегацияның басшысы - Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев өз сөзінде, әлемдік білім кеңестігіне ықпалдасу мен ынтымақтасу - Қазақстан саясатындағы және сыртқы саясаттағы негізгі бағытының бірі екенін атап көрсетті. Бұл үдеріске атсалысу қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттігі артқанын, біздің ғалымдарымыз бен оқытушыларымыздың біліктілік деңгейін жұртшылықтың мойындағанын білдіреді. «Қазақстандық жоғарғы мектептің Болон үдерісіне қосылуын біз ұлттық экономика үшін мамандар дайындаудың сапасын арттырудың құралы, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіндегі ұстанымын күшейтудің қажетті шарты ретінде қарастырып отырмыз», деді министр. Ж.Түймебаев сондай-ақ журналистерге сұхбат беріп, Қазақстан үшін басты мәселе - біздің республикамыздың жұртшылыққа танылуы және 2010 жылы наурыз айында Австрияда өтетін келесі министрлер кездесуіне шақырылуы екенін атап көрсетті. «Сол кездесуде біз «Болон процесіне толыққанды қатысушы болуды жоспарлап отырмыз», - деді Ж.Түймебаев.Министрдің айтуынша, Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуының жетістіктері сол - қазақстандық дипломдар халықаралық кеңістікте мойындалатын болады, студенттердің келешекте түрлі еуропалық оқу орындарына ауысу мүмкіндіктері қарастырылады. «Осылайша Қазақстан жалпыеуропалық білім кеңістігінің бөлшегіне айналады», деп атап көрсетті Ж.Түймебаев. ҚазАқпарат анықтамасы: Болон процесі ? жоғары білімнің ортақ еуропалық кеңістігін құру мақсатында Еуропа елдерінің білім жүйелерін жақындастыру және үйлестіру үдерісі.