Қазақстан делегациясы Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымы Кедендік ынтымақтастық кеңесінің сессиясына қатысуда

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде ДКҰ Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 119-120 сессиялары өтуде.

Қазақстан делегациясы Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымы Кедендік ынтымақтастық кеңесінің сессиясына қатысуда

Сессиялардың жұмысына ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжіт Есенбаев қатысуда, деп хабарлады Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде бұл халықаралық ұйымға 176 мемлекет мүше болып табылады.

Сессиялардың негізі тақырыбы - ДКҰ-ның стратегиялық жоспарын іске асыру. Сауданы дамыту үшін жағдайларды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, институционалдық дамыту оның басымдықты бағыттары болып табылады.

Сессиялар аясында қазақстанның кедендік ведомствосының жетекшісі Мәжіт Есенбаев салықтар және кедендік одақ бойынша директораттың басшысы Хейнц Цурекпен, Бельгия Корольдігі кедендік қызметінің басшысы Ноэль Колпенмен келіссөздер жүргізуде. Олардың барысында «Ақтау» және «Антверпен» теңіздік халықаралық сауда кемежайларының кедендік қызметтері арасындағы ынтымақтастық жоспары ортаға салынды.

ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микуриямен кездесу өткізілді. Оның барысында өткізіліп отырған реформалар саласындағы істердің ағымдағы жағдайы туралы пікір алмасу өтті.

Бұдан басқа, ДКҰ-ның институционалдық дамыту директоратының жетекшісі Эрик Кикпен келіссөздер өткізілді. Оның барысында қазақтандық кедендік қызметінің Бүкіләлемдік кедендік ұйымының Астанада 2009 жылдың желтоқсанында құрылған аймақтық оқыту орталығының жаңғыртылуы, қызметі жобасын іске асыру бойынша жасаған жұмысының қорытындылары шығарылды. Оның барысында 2009 жылдың желтоқсанында Астанада құрылған ДКҰ Өңірлік оқыту орталығының қызметін жаңғырту жобасын іске асыру бойынша қазақстандық кеден қызметінің атқарған жұмыстарының нәтижесі талқыланды.

Э.Кик атап өткендей, әлемдік кеден әкімшілері жүргізген мониторингтің нәтижесі Қазақстанның кеден қызметінің жұмысы анағұрлым сәттілердің қатарында екендігін көрсетті.

Сондай-ақ ҚХР, Италия, Нидерланды Корольдігі, Швейцария, Украина, Германия, Түркия, Франция, Австрия кедендік қызметтерінің басшылығымен жұмыс кездесулері өткізілуде.