Қазақстан делегациясы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Аймақтық жоспарлау кеңесіне қатысуда - Анталья

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстан делегациясы Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Аймақтық жоспарлау кеңесіне қатысуда.

Қазақстан  делегациясы   Экономикалық ынтымақтастық ұйымының  Аймақтық жоспарлау  кеңесіне  қатысуда  -  Анталья

Ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында өтіп жатқан кезекті, 20-шы кеңеске Ұйымға мүше - Қазақстан, Түркия, Пәкістан, Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қатысуда. Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Нұрбақ Рүстемов бастап барды. Делегация құрамына сыртқы істер, білім және ғылым, индустрия және сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктерінің және Статистика агенттігінің өкілдері кіріп отыр, деп хабарлады Қазақстанның Ирандағы Елшілігінен.

Кеңесте көлік және коммуникация, сауда және инвестиция, энергетика, минералдық ресурстар, экология, статистика, жобалау және экономикалық зерттеулер, адами ресурстар және тұрақты даму мәселелері, есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, табиғат апаттарымен күрес мәселелері қаралуда.