Қазақстан делегациясы «Корея Республикасы - Орталық Азия елдері» ІІІ Ынтымақтастық форумына қатысты
деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосынан.
Форумның күн тәртібіне қатысушы елдердің экономикаларының бәсекеге қабілеттігін нығайту, экономиканы дамытудың жаңа қозғалтқыш күштерін құру, энергия ресурстарын тиімді пайдалану, еңбек әлеуетін дамыту, денсаулық саласында ынтымақтастық орнату сияқты мәселелер шығарылды.
Шара аясында сондай-ақ Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері іскер топ өкілдерінің қатысуымен инвестициялық форум өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Н.Ермекбаев Кореяның Сыртқы істер және сауда министрі Ю Мён Хван мен оның бірінші орынбасары Шин Гак Сумен келіссөз өткізіп, Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалымен байланысты мәселелерді сөз етті.
Корея Республикасының Сыртқы істер және сауда министрлігі ұйымдастырған «Корея Республикасы - Орталық Азия елдері» Ынтымақтастық форумына сонымен бірге Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациялары да қатысты.