Қазақстан депутаттары Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125-ші отырысына қатысуда

ТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125-ші отырысының жұмысына кірісті.

Қазақстан депутаттары Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125-ші отырысына қатысуда

Бұл парламенттік форум Берн қаласында қазанның 16-сы мен 19 аралығында өтуде, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

16 қазан, жексенбі күні, Қазақстан депутаттары Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125-ші отырысының ашылу салтанатына қатысты.

Басқосудың бағдарламасында басқа да парламенттік шаралармен қатар Ассамблея шеңберінде «Ядролық қару - апатқа әкелетін жол» тақырыбында пікірталас өтетіні көзделген. Бүгінгі пікірталастар кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы баяндама жасайды деп күтілуде.

Сондай-ақ бағдарламада Орал Мұхамеджанов Парламентаралық Одақ Ассамблеясының форумына келген шет елдік делегация басшыларымен, оның ішінде Германия Бундестагының төрағасы Норберт Ламмерт мырза, Жапония Парламентінің Өкілдер Палатасының спикері Такахиро Йокомичи мырза және Швейцария Конфедерациясы Парламенті Ұлттық Кеңесінің Президенті Жан-Рене Жерманье мырзалармен екіжақты кездесулер өткізілетіні де қарастырылған.

Айта кету керек, Парламентаралық одақ - әлем парламентшілерінің іс-әрекетін үйлестіру қызметіне арналған халықаралық ұйым. Оның негізін 1889 жылы Уильям Рандал Кример мен Фредерик Пасси саяси талқылауларға арналған алғашқы халықаралық ұйым ретінде қалаған.

2011 жылы ұйым мүшелігіне 157 елдің Парламенті мен құрамына кіретін тағы 9 мүшесі бар.

Парламентаралық одақ БҰҰ-да байқаушы мәртебесіне ие.

Парламентаралық одақ алғашында бейбітшіл шығармашылық жүйеде айырықша орын алып, оның бірқатар қайраткерлері әлемдік Нобель сыйлығымен марапатталған.

1909 жылы Парламентаралық одақ төрағасы қызметі бекітіліп, ол үш жылға сайланатын болған. 2008 жылы бұл орынға Намибия Халық Ассамблеясының төрағасы Тео-Бен Гурираб сайланды.