Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанова (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Еске салайық, бұған дейін семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы командалық сайысты жеңіспен бастағанын жазғанбыз.